Павлодар облысының мақтанышы: EGMO-2026 олимпиадасының күміс жүлдегері

Францияның Бордо қаласында 2026 жылдың 9-15 сәуірі аралығында қыздарға арналған 15-ші Еуропалық математикалық олимпиада өтті (EGMO – 2026). Беделді халықаралық зияткерлік жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстан бұл олимпиадаға 2017 жылдан бастап тұрақты негізде қатысып келеді.

Төрт адамнан тұратын команда құру үшін іріктеу кезеңі өткізілді, оның қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Катунина Юлия Республика командасының құрамында Еуропалық олимпиадаға қатысуға жіберілді. Қатысудың қорытындысы – біздің оқушы күміс медаль жеңіп алды (мұғалім-Л. В. Стадникова).

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий