Болашақ педагог-ғалымдар ордасы: ҚазҰУ-дағы беделді мамандықтың бірі 7М01503 – «Химия»
Қазіргі заманда отандық білім мен ғылым саласында сапалы білім алу кезеңін бастан өткізуде. Осы орайда, еліміздің жетекші оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заманауи талаптарға сай жоғары білікті мамандар даярлаудың көш басында келеді. Әсіресе, Химия және химиялық технология факультеті ұсынатын 7M01503 – «Химия» (ғылыми-педагогикалық бағыт) магистратура бағдарламасы болашақ зерттеушілер мен ұстаздар үшін жаңа мүмкіндіктер есігін ашуда. Болашақ химик педагог болуды армандайтын түлектерге арналып химия және химиялық технология факультетінде кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесу онлайн және офлайн форматында болғандықтан тек өзіміздің бітіруші түлектеріміз ғана емес, болашақ Химик – педагог болғысы келетін еліміздің түкпір түкпірінен жиналған, бакалавриатта оқитын 4 курс студенттері қатысты. Атап айтар болсақ, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Сүлеймен Демирель атындағы университет, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 4 курс студенттері және жалпы білім беретін орта мектептерде қызмет атқарып жүрген ұстаздары.
Ғылым мен білімнің ұштасуында 7M01503 – «Химия» бағдарламасының басты ерекшелігі – оның қос бағыттылығында. Мұнда білім алушылар тек іргелі химияның заңдылықтарын тереңдетіп қана қоймай, сонымен қатар жоғары мектепте сабақ берудің инновациялық әдістемелерін игереді. Бұл бағыттың магистранттары химиялық процестерді зертханалық деңгейде зерттейді. Оны цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен оқу процесіне енгізуді үйренеді.
7M01503 – Химия кезеңінде білім алушылар: халықаралық ғылыми базаларда (Scopus, Web of Science) мақала жариялау, шетелдік жетекші университеттерде ғылыми тағылымдамадан өту, ірі гранттық жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Еңбек нарығындағы сұранысына келсек, 7M01503 – Химия мамандығының түлектері – әмбебап мамандар. Олар тек орта мектептер мен лицейлерде ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет атқара алады. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу институттарында, аналитикалық зертханаларда және өндірістік кәсіпорындарда сұранысқа ие.
Бағдарламаның ғылыми-педагогикалық бағыты түлектерге болашақта PhD докторантурада оқуын жалғастырып, ғылыми дәреже алуға даңғыл жол салады. Еліміздің интеллектуалды капиталын дамытуға үлес қосады.
Химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ниязбаева А.И
Химия ғылымдарының кандидаты, доцент Тугельбаева Л.М.
Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қалабаева М.Қ
Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Далабаева Н.С.
Загрузка...
