Павлодар облысында кітаптар әлемі сахнаға айналды: Comic-Con көрінісі

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап күніне орай ерекше форматтағы іс-шара — «Comic-Con» интерактивті шоуы ұйымдастырылды.

Бұл тек мерекелік шара ғана емес, әдебиет әлемін шынайы өмірмен тоғыстырған шығармашылық алаң болды.

Оқушылар түрлі тақырыптық байқауларға, викториналарға және шығармашылық қойылымдарға белсене қатысып, әдеби шығармалар мен кейіпкерлер туралы білімдерін көрсетті. Сондай-ақ, олар кітап кейіпкерлерінің образдарын сомдап, ерекше костюмдермен көрермендерді тәнті етті.

Іс-шара барысында шығармашылық, қызығушылық және шабытқа толы ерекше атмосфера қалыптасты. Мұндай форматтағы шаралар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Кітап өмірге айналғанда — жаңа идеялар мен үлкен армандар туады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий