Павлодар облысы: 100 мыңнан астам оқушы «Жасыл Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты
Павлодар облысында өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Жасыл апта» экологиялық челленджі кең көлемде өтті.
2026 жылғы 13–17 сәуір аралығында өңір бойынша 100 мыңнан астам оқушы мен педагог қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акцияларға, сенбіліктерге және эко-сабақтарға белсене қатысты.
Іс-шаралар «Жер елшілері» және «Жасыл клубтар» жобалары аясында жүзеге асырылып, жастардың табиғатты сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, 15 сәуір мен 25 мамыр аралығында «Қазақстан бойынша орман отырғызу күндері» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Акция аясында мектептерде, саябақтарда және қоғамдық кеңістіктерде оқушылар, педагогтер және жергілікті қауымдастық өкілдерінің қатысуымен ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Аталған бастама оқушыларды тек білім алуға ғана емес, қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыру бойынша практикалық жұмыстарға белсенді тартуға бағытталған.
Табиғатты қорғау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Загрузка...

