Павлодар облысы: Ертіс ауданында «Классика ремейгі» шығармашылық шеберханасы өтті

Ұлттық кітап күні мерекесі қарсаңында Ертіс ауданының мектептерінде «Классика ремейгі» атты шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды.

Бұл күндер креативке толы ерекше атмосферамен есте қалды: дизайн төңірегіндегі пікірталастар, тың идеялар мен мінсіз кадр іздеу — барлығы оқушылар мен ұстаздардың ортақ шығармашылық кеңістігіне айналды. Ең бастысы — классикалық әдебиетке жаңа көзқараспен қарап, оның бүгінгі күнмен үндестігін ашу мүмкіндігі дәлелденді. Жобаға жалпы 80 қатысушы қатысты.

Шығармашылық шеберхана екі бағытта жұмыс істеді:

1. «Мұқаба 2026» дизайн-бюросы
7–9 сынып оқушылары нейрожелілер мен графикалық редакторларды әдеби шығармаларды жаңаша таныстырудың тиімді құралы ретінде пайдаланып, кітап мұқабаларын заманауи форматта ұсынды.

2. «Booklook» сиқыры
5–9 сынып оқушылары мен ұстаздар бірігіп, әдеби туындылардың рухын бір ғана кадр арқылы жеткізетін ерекше натюрморттар дайындады. Бұл бөлімде мұғалімдер де шығармашылық бейне мен стиль арқылы жаңа қырынан танылды.

«Классика ремейгі» жобасы тек байқау емес, ортақ шығармашылық тарихқа айналды. Ең үздік жұмыстар мектеп интерьерін безендіріп, оқушылардың шабыт көзі ретінде сақталмақ.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий