«Қауіпсіз мектеп – бақытты бала»

«Заң мен тәртіп» идеологеманың аясында Павлодар облысы, Аққулы ауданы Тлектес орта мектебінде «Өңірлік психологиялық қолдау орталығының» әдіскерлері Карпова Ирина Владимировна мен Ордабаева Жанар Бейсенбаевна «Буллингке қатысушыларға педагогикалық ықпал ету стратегиялары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Семинарға ауданның 100 ден астам педагогтер қатысты.

Іс-шара барысында білім беру ұйымдарындағы буллингтің алдын алу мәселелері қарастырылып, оның қатысушыларымен — жәбірленуші, агрессор және куәгерлермен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері ұсынылды. Қатысушылар педагогикалық ықпал етудің заманауи әдістерімен танысып, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру жолдарын талқылады.

Семинар интерактивті форматта өтті: педагогтер тәжірибе алмасып, жағдаяттық тапсырмаларды талдап, практикалық жаттығулар орындады. Ұсынылған материалдар қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, оң бағасын алды.

Аталған семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыруға ықпал етеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий