Екібастұз өңірінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі артуда

Екібастұз өңірінде ауыл мектептерін қолдауға және педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған «Ауыл мектебі – сапа алаңы» өңірлік жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба аясындағы кезекті тәжірибелік семинар №17 мектеп базасында өтті. Оған Қарасор, Құдайкөл, Әлкей Марғұлан атындағы, Төртқұдық, Майқайың және Бозшакөл мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Жоба педагог-эксперттер мен тірек мектептердің тәлімгерлік моделіне негізделген. Оның аясында тәжірибелі ұстаздар ауыл мектептеріндегі әріптестеріне заманауи педагогиканың нақты құралдар мен тиімді әдістерді ұсынады. Негізгі мақсат – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім беру үдерісіне заманауи әдістерді енгізу.

Семинар тақырыбы – «Әдістемелік синергизм: нейропедагогика және цифрлық құзыреттіліктерді практикада қолдану». Қатысушыларға пәнаралық ықпалдастыққа, оқушылардың белсенді рөліне және білім беру процесінде цифрлық шешімдерді тиімді пайдалануға негізделген форматтар таныстырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий