Аққулы ауданында инклюзивті білім беруге арналған облыстық семинар өтті

Павлодар обылсы, Ямышев жалпы білім беретін мектебінің базасында «Арнайы сынып жағдайындағы инклюзивті оқыту: педагогикалық, әдістемелік және эмоционалдық аспектілер» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара Аққулы аудандық білім беру бөлімі мен Павлодар облысының Инновациялық білім беруді дамыту орталығының бірлескен жоспарына сәйкес өтті.

Семинардың басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім алуға қолайлы орта қалыптастыру, олардың әлеуметтік бейімделуіне және жеке тұлғалық дамуына жағдай жасау.

Семинарға Ақсу қаласы, Павлодар және Аққулы аудандарының мектеп директорларының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер қатысып, барлығы 40-қа жуық маман тәжірибе алмасты.

Бағдарлама аясында қатысушылар әдістемелік көрмемен және оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысты. «Практика және педагогикалық шешімдер» бағыты бойынша арнайы сыныптарда математика, дене шынықтыру, биология, тарих және музыка пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. Ал «Теория және стратегиялық бағыттар» бөлімінде мектеп басшылығы мазмұнды баяндамалар жасап, педагог-психолог пен дефектолог мамандар шеберлік сабақтарын ұсынды.

Семинар соңында қатысушылар іс-шараның мазмұны мен практикалық маңыздылығын жоғары бағалап, ұсынылған әдістемелік тәжірибені күнделікті жұмыс барысында тиімді қолдануға болатынын атап өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий