Павлодар облысының оқушыларынан құралған олимпиадалық құрама республикада үздік атанды
Петропавл қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан мектеп командаларының рейтингі қорытындыланды.
Байқау нәтижесінде Павлодар облысының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 22 жүлдені (6 алтын, 8 күміс, 8 қола) иеленіп, Гран-при жүлдесінің иегері атанды. Бұл – өңір оқушыларының білім мен бәсекеге қабілеттілігінің айқын дәлелі.
2026 жылғы 17–21 сәуір аралығында өткен олимпиаданың қорытынды кезеңінде ағылшын, француз және неміс тілдері бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 164 дарынды оқушы бақ сынады. Олардың қатарында Павлодар облысының намысын қорғаған үздік оқушылар да лайықты өнер көрсетті.
Нәтижесінде, өңіріміздің 9 оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
Алтын медаль мен І дәрежелі дипломды француз тілі бойынша №3 гимназияның 11-сынып оқушысы Кожабекова Тахмина (жетекшісі – К.К. Батаева) және ағылшын тілі бойынша Екібастұз қаласындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арынов Ернар (жетекшісі – Ж.М. Уятова) жеңіп алды.
Күміс жүлдені №3 гимназияның оқушылары Оразбай Мөлдір, Рогачевская София (француз тілі, жетекшісі – К.К. Батаева), Мейрамова Альнура (неміс тілі, жетекшісі – Г.Т.Байгужинова) және Павлодар қаласындағы №39 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Садвакасов Фархат (неміс тілі, жетекшісі – Т.Р. Мокроусова) иеленді.
Қола жүлдегерлер қатарында №3 гимназияның 9-сынып оқушысы Омирғалы Алуа (неміс тілі, жетекшісі – Г.Т. Байгужинова), №8 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Бараболя Маргарита (ағылшын тілі, жетекшісі – Э.Б. Галиева) және «Жас дарын» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Ахметова Риза (француз тілі, жетекшісі – К.К. Батаева) бар.
Бұл жетістіктер – оқушылардың табанды еңбегі мен ұстаздарының кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Павлодар өңірінің білім саласындағы бұл жеңісі – жас ұрпақтың көптілділікке деген қызығушылығы мен сапалы білімге ұмтылысының айқын көрінісі.
Загрузка...
