Педагог-психологтардың екінші басқосуы

Жергілікті педагог-психологтар қауымдастығында маңызды оқиға – «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің даму мәселелері. Заманымыздың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша екінші аймақтық форум ұйымдастырылды. Бұл кезекті басқосудың жұмысына педагогика, психология және жас ерекшелік даму кафедрасының оқытушылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, аудан/қала білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагог-психологтар, сондай-ақ қарастырылып отырған мәселелерге қызығушылық танытқан белсенді тұлғалар шақырылған еді.

Форум бағдарламасы мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған болатын. Кезекті жүздесуге жиналғандар үш шеберлік алаңында кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқы, психологиялық сүйемелдеудің құралы ретіндегі позитивті психология және психологиялық-педагогикалық қолдау аясындағы ата-аналармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша форсайт-сессияларға қатысты. Сонымен қатар іс-шара аясында қатысушылардың «Педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы» атты үздік тәжірибелерінің көрме-презентациясы таныстырылды.

Және болашақ педагог-психологтардың «Болашақты қалыптастыра отырып» атты жобаларының интерактивті алаңы ұйымдастырылды. Пленарлық бөлімде форум қатысушыларын облыстағы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Б.Дүйсенова, білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А.Магавина құттықтау сөз сөйледі. Ш.Уәлиханов атындағы КЕАҚ ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі Д.Лепешев ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын қолдау туралы баяндады.

Психологиялық қолдау орталығының басшысы С.Шокимова орталықтың бір жыл ішіндегі қызметіне жан-жақты талдау ұсынды. Маңызды шара педагог-психологтардың кәсіби және шығармашылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген мамандарды марапаттау рәсімімен аяқталып, өңірдің кәсіби қауымдастығы үшін маңызды оқиға ретінде есте қалды.

Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі, Көкшетау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий