Музыкалық колледждің үздік педагогтері марапатталды
Ахмет Жұбанов (1906-1968) – қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижëр. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), этнограф академик. Осы тарихи танымал тұлғаның 120 жылдығына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция аясында Ахмет Қуанұлы атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде «Ұлт рухын тербеткен тұлға» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Салтанатты шара барысында колледждің білім беру саласын дамытуға және жас мамандар даярлауға қосқан үлесі үшін педагогтері марапатталды. Облыс әкімінің атынан бес педагогке Алғыс хат табысталып, тағы 10 оқытушы білім басқармасының марапатына ие болды. Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева қатысушыларға ізгі лебізін жеткізіп, арнаулы оқу орнының өңірдің мәдениеті мен білім беру жүйесіндегі маңызына кеңінен тоқталды.
– Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі – бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрі бар оқу орны. Бұл білім ордасынан көптеген танымал тұлғалар түлеп ұшты, соның ішінде Димаш Құдайберген де бар. Бұл – педагогтердің кәсіби шеберлігі мен білім сапасының жоғары деңгейін көрсетеді. Сіздерді осы айтулы мерекемен құттықтаймын! Еңбектеріңізге алғыс білдіремін. Баршаңызға шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілеймін. ҚазССР-нің халық әртісі, ҚазССР ҒА академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған қазақ музыкасының Гималайы Ахмет Жұбановтың мұрасына арналған бұл кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, музыка мен руханиятқа толы әсерлі шараға айналуда, – деді ол жиналғандарға арнаған құттықтау сөзінде.
Биыл ашылғанына елу бес жыл толатын музыка колледжі – талай жасқа үлкен өмір және өнерге басты жолдама бергендігімен ерекшеленеді. Болашағын музыкамен байланыстырған шәкірттерге мемлекеттік грант бойынша, яғни тек ақысыз негізде білім беретіндіктен, ең алдымен, сапаға баса назар аударылады. Тиісінше әрбір оқу жылында «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» түлектер ғана білімін жетілдіру үшін іріктеліп алынады. Кішкентайынан музыка мектебіне барған, болмаса ерекше қабілетті ұл-қыздар ғана қабылданатын бұл орталықтан диплом алып шыққан кәсіби мамандарының биік белестерді бағындыруы сондықтан…
Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Загрузка...