Кітап – рухани байлық: «Ақылмен оқы, оймен жеткіз!» әдеби сайысы өтті
Ұлттық кітап күні мен кітап онкүндігі аясында Павлодар облысы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназиясының ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «Ақылмен оқы, оймен жеткіз!» атты Book battle форматындағы қалалық әдеби сайыс өтті.
Рухани мазмұны терең бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық әдебиетті насихаттау, сондай-ақ оқушылардың ойлау, талдау, көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту болды. Қатысушылар тек оқып қана қоймай, шығармаларды жүрекпен түсініп, оның мәнін сахна арқылы әсерлі жеткізе білді.
Сайысқа Ақсу қаласының мектептері қатысып, білім мен шығармашылықты ұштастырған ерекше өнер көрсетті. Қазақ әдебиетінің жауһар туындылары – «Бақытсыз Жамал», «Мәңгілік бала бейнесі», «Қонақтар» шығармалары негізінде оқушылар адамгершілік, тағдыр, ұлттық құндылықтар тақырыбын тереңнен қозғап, көрерменге ой салды.
Әдеби дода барысында қатысушылардың сахналық мәдениеті, шешендік шеберлігі мен шығармашылық ізденісі жоғары деңгейде көрініс тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар – өскелең ұрпақтың рухани дамуына жол ашып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратын маңызды қадам екені анық.
Загрузка...

