«Кітап жанданып, рух оянған апта: Аққулыдағы жарқын оқу мерекесі»

Павлодар облысы Аққулы ауданының барлық 22 мектебінде Ұлттық кітап күніне орай кең ауқымды мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, 3 000-нан астам оқушы мен педагог қамтылды. Оқу мәдениетін қалыптастыру мен әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған бұл апталық оқушылардың жоғары белсенділігімен және форматтарының сан алуандығымен ерекшеленді.

«Менің оқыған кітабым» акциясы мен «Сүйікті кітаппен селфи» челленджі аясында қатысушылар өздерінің оқырмандық әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөлісіп, қатарластарын кітап оқуға ынталандырды.

Шығармашылық бағытта «Сүйікті кітап мұқабалары» көрмелері, әдеби кейіпкерлер косплейі және цифрлық әдеби квесттер өткізіліп, оқушылардың қиялы мен актерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

Интерактивті бөлімде Stories AR қосымшасы арқылы шығарма кейіпкерлерімен «кездесу», QR-кодтар арқылы зияткерлік тапсырмалар орындау, сондай-ақ «Көңілді үзіліс» ойындары дәстүрлі кітап оқуды заманауи технологиялармен ұштастырды.

Диалог алаңдарына ерекше мән беріліп, педагогтер мен құрметті оқырмандармен өткен кездесулер кітаптың рухани құндылығын терең түсінуге жол ашты.

Жалпы саны 120-ға жуық іс-шара кең қамтумен өтіп, оқырман, білімді әрі рухани бай ұрпақты қалыптастыруға маңызды үлес қосты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий