Павлодар облысында «Бүлдіршін-2026» фестивалі басталды
21–24 сәуір күндері өткен «Бүлдіршін-2026» облыстық мектепке дейінгі балалар шығармашылығы фестивалінің іріктеу кезеңі нағыз мерекеге айналды. Вокал, хореография, аспаптық жанр және «көркем сөз» бағыттары бойынша 1000-нан астам бала өз өнерін паш етіп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Әрбір нөмір — балғын таланттың жарқыраған көрінісі, әрбір сахна — кішкентай жұлдыздардың алғашқы қадамы болды.
Фестиваль жеңімпаздары мамыр айында Естай атындағы мәдениет сарайы сахнасында өтетін гала-концертте өнер көрсетеді.
Жас өнерпаздардың жарқын болашағына жол ашқан бұл фестиваль – талантқа тағзым, бала қиялына қанат бітірген ерекше жоба!
Загрузка...

