Жасанды интеллект – білім берудің жаңа тынысы

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы мектептерінде білім беру үдерісін цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар заманауи білім беру талаптарына сай оқыту сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға жол ашуда. Сонымен қатар жас педагогтарды қолдау мен олардың тәжірибесін шыңдау да назардан тыс қалмай, олар білім беру үдерісіне белсенді тартылып келеді.

Аталған бағыт аясында Қараоба орта мектебінде «Жасанды интеллект: білім берудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы декада ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шаралар легі өткізілді.

Декада барысында ұстаздар жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөлі мен маңызын кеңінен талқылап, оны тиімді қолданудың озық тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларға сабақ үдерісінде заманауи цифрлық құралдарды пайдаланудың практикалық тәсілдері ұсынылып, мазмұны терең, танымдық мәні жоғары таныстырылымдар көрсетілді.

Бұл декада педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа технологияларды меңгеруге деген қызығушылығын арттырды. Білім мен инновация тоғысқан бұл бастама – болашақ білім беру жүйесінің берік іргетасы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий