Заң мен тәртіп – саналы ұрпақтың таңдауы
Павлодар облысы, Баянауыл ауданының білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында 8–10 сынып оқушылары, әсіресе қыз балалар арасында ауқымды дебат-шоу ұйымдастырылды.
Аудан бойынша 700-ге жуық оқушы қатысқан бұл маңызды алаң – ой мен пікірдің, білім мен батылдықтың тоғысқан ордасына айналды.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізуге баулу және өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру болды. Дебат барысында қатысушылар қоғамдағы қыз баланың рөлі, олардың құқықтары мен қауіпсіздігі мәселелерін терең талқылады.
Жас пікірсайысшылар түрлі құқықтық жағдайларды саралап, заң аясында өз құқықтарын қорғаудың маңыздылығын нақты мысалдармен дәлелдей білді. Олар өз ұстанымдарын сенімді қорғап, сыни ойлау, талдау және пікір алмасу мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетті.
Бұл дебат-шоу – тек пікір алмасу алаңы ғана емес, болашаққа нық қадам басқан, өз құқығын білетін, қоғамда өз орнын таба алатын саналы ұрпақтың қалыптасуына серпін берген маңызды бастама болды.
Болашақ – білімді, батыл, өз құқығын қорғай алатын, саналы да сенімді қыздардың қолында!
Загрузка...

