Мектептегі мейірім мекені: психологиялық қолдаудың маңызы

Павлодар облысы, Аққулы ауданында оқушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған семинар-практикум өтті. Іс-шараға 25-тен астам педагог-психолог пен 30 педагог қатысып, тәжірибе алмасты.

Семинардың мақсаты – мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, психологиялық қызмет сапасын жетілдіру және оқушылардың психикалық денсаулығын қорғау бойынша жүйелі жұмысты дамыту.

Қатысушылар оқушылардың психологиялық жағдайын анықтау, күйзеліс пен мазасыздықтың алдын алу, эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыру әдістерімен танысты. Сондай-ақ мектептегі қолайлы психологиялық ахуалды құру мен сенімді қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.

Практикалық бөлімде мамандар кейс-талдау мен тренингтер арқылы нақты жағдайларды қарастырып, өзара тәжірибе бөлісті.

Нәтижесінде қатысушылар жаңа тәсілдерді меңгеріп, оларды тәжірибеде қолдануға дайын екендерін көрсетті. Психологиялық қолдау – сапалы білім берудің маңызды бөлігі екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий