Ұлттық мұра – ұлттың жаны

2026 жылғы 23 сәуірде Павлодар облысы Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі базасында Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай «Кітапханалардың ұлттық кітап мұрасын сақтау және насихаттаудағы рөлі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Маңызды жиынға Павлодар облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханашылары қатысып, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеудің өзекті мәселелерін кеңінен талқылады.

Семинарды колледж басшысы Смағұлов Қ.Т. ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтап, кітаптың қоғамдағы айрықша орнын атап өтті. Іс-шараға білім беру басқармасының өкілі Мұсаева М.А. да қатысып, кәсіби пікірін білдірді.

Бағдарлама мазмұны бай әрі мазмұнды болды. «Ұлттық кітап – ұлт мақтанышы» көрмесі арқылы рухани мұра кеңінен таныстырылып, тақырыптық отырыстарда заманауи кітапхананың тәрбиелік рөлі, жеке тұлға қалыптастырудағы кітаптың маңызы, баспалармен ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар әдебиет беттерінде» жобасы ұсынылып, еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған тың идеялар айтылды. Ал IT шешімдерге арналған шеберлік сабағы кітапхана жұмысын жаңғыртудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

Пікірталас алаңында тәжірибе алмасу жүріп, сала мамандары өз ойларын еркін жеткізді. Жетекші кітапханашылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби қауымдастықтың дамуына серпін берді.

Семинар қорытындысында белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды. Бұл кездесу – кітапхана ісінің дамуына, мәдени бастамалардың нығаюына және ұлттық кітап мұрасын сақтауға бағытталған маңызды қадам болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий