Павлодарлық музыкалық колледж студенттері республикалық Олимпиадада жарқырады

Музыкалық колледж студенттері республикалық деңгейдегі беделді байқауда тағы бір мәрте өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Алматы қаласында өткен музыкалық колледждер мен мамандандырылған мектептердің білім алушылары арасындағы XVIII Республикалық кіші Олимпиада дарынды жастарды бір арнаға тоғыстырып, кәсіби шеберлікті шыңдауға мүмкіндік берді.

Аталған олимпиаданың негізгі мақсаты – жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби орындаушылық деңгейін арттыру, ұлттық және әлемдік музыкалық мәдениетке қызығушылығын қалыптастыру, сондай-ақ дарынды білім алушыларды анықтап, қолдау көрсету. Байқау Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мамандандырылған мектептер мен колледждердің үздік оқушыларын қамтыды.

Музыкалық колледж студенттері бұл додада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. «Үрлемелі және соқпалы аспаптар» номинациясы бойынша Аверин Илья II дәрежелі лауреат атанса, Дарошева Назира «Виртуоздық шығарманы үздік орындағаны үшін» арнайы дипломмен марапатталды. Қаратай Алимхан дарынды домбырашылардың бірі ретінде танылып, III дәрежелі лауреат атанды.

Сонымен қатар, Баймыш Аяна І орын иеленіп, жоғары шеберлігін дәлелдеді, ал Гадулбекова Дарина және Ибраева Дана дипломант атанып, байқауда лайықты өнер көрсетті.

«Хор дирижерлігі» бағыты бойынша Арыстанбек Мирас жүлделі III орынды иеленіп, Павлодар өңірінің намысын қорғады. Сонымен қатар, Доценко Егор «Партитураны рояльде үздік орындағаны үшін» дипломмен марапатталды. Арыстанбекова Анель мен Касенбекова Анеля «Интерпретация жаңашылдығы үшін» дипломдарға ие болды. Ал Голяндина Софья «Қазақстан композиторының шығармасын үздік орындағаны үшін» арнайы марапатқа лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған ұстаздардың еңбегі ерекше атап өтілді. Олардың қатарында Касьян Я.О., Никитенко М.Г., Лапина М.Н., Романенко К.А., Князева О.В., Нургожинова М.К., Байбосынова Т.М., Усенов Д.А., Шлегель В.А. және Кабышева Ж.Д. бар.
Айта кету керек, байқауға қатысқан барлық студенттер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды.

Бұл олимпиада жас музыканттар үшін үлкен тәжірибе алаңы болып, олардың кәсіби өсуіне жаңа серпін берді. Музыкалық колледж студенттерінің жетістіктері – табандылық пен шығармашылық ізденістің айқын дәлелі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий