Павлодар облысында «Бірлікпенен бақыттымыз!» атты VIII облыстық агитбригадалар байқауы өтті
Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасымен Оқушылар сарайы базасында «Бірлікпенен бақыттымыз!» атты VIII облыстық агитбригадалар байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Павлодар және Екібастұз қалаларындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсететін ұйымдардың тәрбиеленушілері қатысты.
Байқау аясында қатысушылар шығармашылық қойылымдар арқылы достық, өзара көмек, бірлік пен жауапкершілік тақырыптарын ашып көрсетті. Командалар мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары бағдарламалар ұсынып, өз өнерлерін жоғары деңгейде танытты.
Аталған іс-шара жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың өзіне деген сенімділігін арттыруға, сондай-ақ коммуникативтік дағдылары мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Екібастұз қаласындағы «Үміт» балаларды қолдау орталығының командасына;
І орын – Павлодар қаласының Өңірлік балаларды қолдау орталығының командасына;
ІІ орын – Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылының командасына;
ІІІ орын – Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылының командасына бұйырды.
Қатысушыларға, педагогтер мен тәлімгерлерге атқарған еңбектері үшін алғыс білдіреміз. Қазылар алқасына әділ бағалауы үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алдағы уақытта табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
Загрузка...

