Тараз қаласындағы педагогтарға арналған экологиялық оқыту семинары
Жамбыл облысының орталығында орналасқан мектептің педагогтарын қамтыған бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Тараз қаласындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.
Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдер арқылы оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және кәдеге жарату дағдыларын дамыту. Бағдарлама барысында қатысушыларға қалдықтарды басқарудың заманауи тәсілдері таныстырылып, экологиялық білім берудің тиімді жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға әсері, оларды сұрыптау және қайта өңдеу әдістері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Педагогтар теориялық біліммен қатар, мектептерде экологиялық дағдыларды енгізуге бағытталған практикалық тәсілдермен де танысты. Тараз қаласында экологиялық білім беру жұмыстары кең көлемде жүзеге асырылуда. Жалпы 13 463 оқушы қамтылып, бұл көрсеткіш 16,2 пайызды құрады (жоспар – 10%). Сонымен қатар 1004 мұғалім оқытылып, қамту деңгейі 13,7%-ға жетті (жоспар – 10%). Қаланың 89 мектебінде тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған 534 жиынтық контейнер орнатылып, жалпы саны 1602 данаға жетті.
Бұл бастама оқушылардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, тұрақты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқыту жұмыстарын жүргізген мамандар қатарында Қисымовна Алима Қисымқызы, Абдуалиева Айгүл Кадесовна, Түркістанбаева Ақнұр Арысбайқызы, Сатыбалдиева Гүлмира Қалмашқызы және Оралбекова Назерке Асанқызы бар.
Загрузка...«Таза Қазақстан» – бұл әрбір азаматтың, әсіресе жас ұрпақтың санасын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Бүгінгі семинар арқылы алған білім мен дағдылар ертеңгі күні мектеп оқушыларының күнделікті әдетіне айналары сөзсіз. Экологиялық білім беру бағытындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.


