Павлодар облысында дебат турнирі өтті
Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ағымдағы жылғы 29 сәуірде мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары арасында ІІІ ашық дебат турнирін ұйымдастырды.
Қазақстандағы цифрландыру мен жасанды интеллектіні, білім беру мен зерттеулерді дамыту жылына арналған бұл ауқымды зияткерлік сайыс облыстың барлық аудандары мен қалаларынан келген 24 команданың басын қосты.
Үш кезең қорытындысы бойынша ІІІ дебат турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
«Турнирдің үздік спикері» атағының иегерлері: Мусин Ерхат Талғатұлы (Екібастұз қаласы №4 ЖОБМ), Бейсенов Збасар Сагадатович (Успен ауданы Ш. Айманов атындағы ЖОБМ);
– ІІІ орын: қазақ лигасында «МАЙ ЛИДЕРС» Май ауданының командасы (Кожаханова Шынарай Тлектесовна, Кайсина Ляйля Кулумхановна), орыс лигасында «ФОРТУНА» Шарбақты ауданы командасы (Дауенова Альфинур Муратовна, Конюшенко Виктория Анатольевна);
– ІІ орын: орыс лигасында «АКСУ КИДС» Ақсу қаласы командасы (Истаева Асель Тасбулатовна, Хасенова Айгерим Жаркынбековна), қазақ лигасында «СӨЗ МЕРГЕН» мамандандырылған мектептер командасы (Ещанов Галымжан Мурзахметович, Камалова Нургуль Ергалымовна);
– І орын: қазақ лигасында «ТАНДЕМ ЮНИОН» (Рысбекұлы Естай, Нажипов Махамбет Казбекович), орыс лигасында «ДЖОКЕР» (Толеуов Алибек Бейсенович, Тезекбаев Канат Кутайбергенович) Павлодар қаласының командалары;
Гран-при: облыстық турнирдің бас жүлдесін қазақ лигасында «ЖЕҢІС» (Шабажанова Салтанат Калиаскаровна, Байжаханов Адилбек Маликович) мамандандырылған мектеп командасы, орыс лигасында «ЛИДЕР» (Амиров Бауржан Жанатанович, Токбатырова Галина Анатольевна) Железин ауданы командасы иеленді.
Загрузка...
