Май ауданында Нәйла Марденованың құрметіне олимпиада өтті
Павлодар облысы, Май ауданының Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде аудандық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы өтті. Аталған олимпиада ұлағатты ұстаз, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Нәйла Марденқызы Марденованың құрметіне арналды. Ұстаздың педагогикалық жолы мен ана тіліне қосқан үлесі – кейінгі буын үшін өнеге. Оның шәкірттері түрлі білім бәйгелерінде топ жарып, ұстаз еңбегінің нәтижесін дәлелдеп келеді.
Дәстүрге айналып келе жатқан білім додасы аудан мектептерінен жиналған дарынды оқушылардың басын қосып, олардың білім деңгейі мен шығармашылық әлеуетін саралауға мүмкіндік берді.
Білім додасының қорытындысы бойынша 27 қатысушының ішінен 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Қатысушылар мәнерлеп оқу, эссе жазу және өлең шығару бағыттары бойынша бақ сынап, тіл байлығы мен ой ұшқырлығын көрсетті. Әр кезеңде оқушылардың шығармашылық ізденісі, көркемдік талғамы мен білім деңгейі жан-жақты бағаланды.
Айта кету керек, бұл олимпиада аудан көлемінде екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға және дарын
Загрузка...

