Облыс намысын қорғайтын дарындар!

Павлодар облысының оқушылары «Сөз бен саз» республикалық байқауына аттанды.

Облысымызда алғаш рет ұйымдастырылған «Сөз бен саз» республикалық байқауының облыстық кезеңі жас дарындардың шығармашылық әлеуетін танытқан жарқын өнер додасына айналды.

Байқау «Жас ақын», «Жас дәстүрлі әнші» және «Жас күйші» номинациялары бойынша екі жас санатында өткізілді. Қатысушылар ұлттық өнер мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін паш етіп, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен әр номинация бойынша үздік деп танылып, бірінші орын иеленген талантты оқушылар ағымдағы жылдың мамыр айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Енді Павлодар облысының үздік оқушылары ел намысын қорғап, республикалық байқауда өз өнерлерін көрсететін болады.

Бұл байқау – жас өрендердің өнерін шыңдап, ұлттық мәдениетті дәріптеуге бағытталған маңызды шығармашылық алаң

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий