Математикалық олимпиаданың абсолютті жеңімпазы

Астана қаласының оқушысы Марғұлан Шарел Еуропалық математикалық олимпиадада (EMO) абсолютті жеңімпаз атанып, халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатты. Литваның Вильнюс қаласында ұйымдастырылған European Mathematical Olympiad (EMO) халықаралық білім додасында қазақстандық құрама жоғары нәтиже көрсетті. Бұл беделді олимпиадаға Еуропа және басқа да елдерден дарынды оқушылар қатысып, математикалық білім деңгейін халықаралық аренада сынға салды.

Марғұлан Шарел осы додада абсолютті жеңімпаз атанып, үздік нәтиже көрсетті. Ол – елордадағы Spectrum International School білім ордасының 12-сынып оқушысы. Кейіпкеріміздің бұл жетістігі – жоғары деңгейдегі дайындықтың, табандылықтың және терең білімнің айқын көрінісі. Халықаралық деңгейдегі мұндай жеңіс еліміздің зияткерлік әлеуетінің жоғары екенін дәлелдей отырып, Қазақстанның білім саласындағы беделін арттыра түседі.

Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий