Аққулы ауданында “Болашақ заңгер” клубтары ашылды
Павлодар облысы, Аққулы ауданында «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында Аққулы ауылы мектебінің базасында аудан мектептерінің оқушыларымен кездесу өтті.
Іс-шараға полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысып, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелерін кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік берді.
Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Іс-шара барысында болашақ заңгерлер клубтарының алғашқы отырысы өткізіліп, ол оқушылардың құқықтық білімін дамытуға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталды.
Клуб қатысушылары заңнаманың өзекті мәселелерін талқылап, өмірдегі нақты жағдайларға жақындатылған кейстік тапсырмаларды қарастырды. Мұндай формат оқушыларға теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдануға, талдау және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Жалпы, іс-шараға 100-ден астам оқушы мен 50 педагог қатысты.
Осындай кездесулер жастардың заңгер мамандығына деген қызығушылығын арттырып, қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаларын нығайтуға ықпал етеді.
Загрузка...

