Павлодар облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері спортта бақ сынады

2026 жылғы 6 мамырда АОТДТО және Қабанбай батыр атындағы «Жас Сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында Павлодар облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында ХХ Кіші олимпиадалық ойындардың жарыстары өтті. Жарыс бағдарламасына келесі спорт түрлері енгізілді: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика және үстел теннисі.

Іс-шара тәрбиеленушілердің дене мәдениеті мен зияткерлік қабілеттерін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін насихаттауға бағытталды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Шахмат:
1 орын – «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығы»
2 орын – «Екібастұз қаласының “Үміт” арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы»
3 орын – «Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы»

Дойбы:
1 орын – «Екібастұз қаласының “Үміт” арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы»
2 орын – «Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы»
3 орын – «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығы»

Тоғызқұмалақ:

Жеңіл атлетика:
1 орын – «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығы»
2 орын – «Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы»
3 орын – «Екібастұз қаласының “Үміт” арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы»

Үстел теннисі:
1 орын – «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығы»
2 орын – «Екібастұз қаласының “Үміт” арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы»
3 орын – «Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы»

Жарыстар ұйымдасқан әрі достық жағдайда өтті. Қатысушылар жақсы дайындық деңгейін, жеңіске деген жігерін және спорттық рухын көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий