Павлодар облысы «Жарқын болашақ» қазақ тілі республикалық олимпиадасында жеңіске жетті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында Астана қаласында 2026 жылғы 11-12 мамырда республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада қазақ және өзге ұлт топтары арасында 5 бағыт бойынша ұйымдастырылған: «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу); «Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс); «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс); «Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу); «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).
Павлодар облысынан республикалық шараға облыстық кезеңнің 10 жеңімпазы қатысты: Ақсу қ. Қалқаман ОМ 8-сынып оқушысы Соколов Ярослав; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсембаева Самира; Аққулы ауданы Жаңатан негізгі жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Кадрбай Наргиз; Шарбақты ауданы Хмельницкий ЖОББМ 10-сынып оқушысы Азамат Каусар; Успен ауданы Константинов ЖОББМ 8-сынып оқушысы Ирсмаматов Жамшид, Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 9-сынып оқушысы Сатбек Дильназ, дарынды балаларға арналған №8 лицей- мекебінің 11-сынып оқушысы Абдурахимова Аселя және 8-сынып оқушысы Аканова Ясира, Успен ауданы А.Байтұрсынұлы ат.ЖОББМ 10-сынып оқушысы Гузий Кристина, Екібастұз қ., №36 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Хумарбек Мақсат.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Сөз шеберлері» бағытында – Азамат Каусар (мұғалімі Болатбек Ш.) ІІ дәрежелі дипломмен; «Жас каламгер» бағытында – Абдурахимова Аселя (мұғалімі Игликова Г.К.), «Бейнелеушілер» бағытында – Аканова Ясира (мұғалімі Тусупбаева Г.Б.), «Әнші-бұлбұлдар» бағытында – Соколов Ярослав (мұғалімі Жаксылыкова Т.К.) және Сарсембаева Самира (мұғалімі Молхина Н.Т.) ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Загрузка...

