Павлодар облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды
Павлодар облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының алғашқы легі басталды.
Оқыту Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы аясында Екібастұз қаласында ұйымдастырылуда.
Бірінші легке «Үміт» балаларды қолдау орталығы мен «Жас Өркен» балалар-жасөспірімдер ұйымының педагогтері қатысуда.
Курс барысында білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан балалармен жұмыс істеудің заманауи технологиялары мен тиімді педагогикалық тәсілдері қарастырылуда. Сондай-ақ қатысушылар SOS Қазақстан балалар ауылдарының тәжірибесін зерделеуде.
Оқыту сабақтарын «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі ұлттық ғылыми-практикалық институтының сертификатталған тренерлері жүргізуде.
Бағдарламаның негізгі мақсаты — мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және балаларды қолдау жүйесін жетілдіру.
Загрузка...

