Тәртіп – тренд, заңға құрмет – міндет!
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданында «Заң мен тәртіп – Тәртіп тренд» челленджі аясында ауқымды флешмоб өтті.
Бастаманың басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу болды.
Флешмоб барысында аудан мектептерінің оқушылары «Тәртіп – тренд» идеясын қолдап, шығармашылық бейнероликтер, ұрандар, сахналық көріністер ұсынып, бір-біріне челлендж эстафетасын жолдады. Жобаға қатысушылар белсенділік танытып, тәртіп пен заңға бағынудың маңызын ерекше форматта жеткізді.
Ауқымды акцияға жалпы саны 1091 оқушы қатысты. Іс-шара жас ұрпақ арасында заңдылықты сақтау, қоғамдық мәдениетті нығайту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.
Тәртіп – әр адамның мәдениеті, ал заңға құрмет – өркениетті қоғамның айнасы!
Загрузка...

