Білім сапасын арттыруға арналған практикалық алаң
Білім сапасын арттыру аясында Білім беру басқармасының медиа жұмыс жоспарына сәйкес, білім беруді дамытудың инновациялық орталығының бастамасымен Павлодар облысының білім беру ұйымдарында оқушылар мен педагогтердің тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталған семинарлар мен практикумдар өткізілуде.
5 мамыр күні Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 9–11 сынып оқушыларына арналған «Идеядан мәтінге: қорытынды аттестаттау аясында эссе жазуға дайындық» семинар-практикумы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар эссе құрылымын меңгеріп, өз ойын жүйелі әрі дәлелді жеткізу дағдыларын жетілдірді. Практикалық жұмыстар арқылы жазылым сауаттылығы артып, қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейі нығайтылды.
Осындай бағыттағы семинар-практикум «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде де өтті.
Қатысушылар эссеге қойылатын талаптармен танысып, аргументация құру, ойды логикалық жүйелеу және қателермен жұмыс жасау тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді.
6 мамыр күні Успен ауданындағы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қазақ және орыс тілі мұғалімдеріне арналған аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында педагогтер заманауи оқыту технологияларын ұсынып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Іс-шаралар аясында білім сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына ерекше назар аударылды.
Загрузка...
