Кадрлар – өңір болашағының кепілі: 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді
2026 жылғы 15 мамырда Павлодар обылсында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін 2026–2027 оқу жылына кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына өкілді және атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП-ның, салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ өңірдің ірі кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Отырыста экономика салалары бойынша өңірлік еңбек нарығының ағымдағы және болжамды қажеттілігіне талдау жүргізілді. Комиссия мүшелері жаңа оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін талқылап, техникалық, технологиялық және индустриялық бағыттар бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлауға басымдық берді.
Павлодар өңіріндегі кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықта іске асырылатын нысаналы мемлекеттік тапсырысты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Бұл болашақ мамандарды тәжірибеге бағытталған даярлауды қамтамасыз етіп, олардың еңбекке орналасуына мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша мамандықтар мен біліктіліктер бөлінісінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі бекітілді. Толық тізім Павлодар облысы Білім беру басқармасының ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады.
Загрузка...
