Қанаттыға қамқорлық сыйлаған оқушы

Павлодар қаласы №25 ЖОББМ-нің 5 «А» сынып оқушысы Шумаков Даниал ата-анасымен бірге Усолка мөлтек ауданындағы тоғайға таңғы серуенге шыққан болатын. Серуен барысында ол өзен маңынан жараланған құсты байқап қалады.

Кішкентайынан жүрегіне мейірім мен жанашырлық ұялаған Даниал құсты қараусыз қалдырмай, Абай көшесіндегі ветеринарлық клиникаға апарып көрсетеді. Дәрігер тексеру барысында құстың қанаты сынғанын анықтайды. Бұл туралы бірден «Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме» КММ-не хабар беріледі.

Кейін жарақат алған құстың Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген кезқұйрық екені белгілі болды. Табиғаттың сирек жаратылысын аман алып қалуға үлес қосқан Даниалдың әрекеті көпшілікті бейжай қалдырмады.

Бүгін мекеме қызметкерлері арнайы мектепке келіп, Даниалды табиғатты қорғауға қосқан үлесі мен жануарларға көрсеткен қамқорлығы үшін Алғыс хат және сертификатпен марапаттады.

Даниалдың бұл әрекеті — үлкен жүректің, шынайы мейірімнің және табиғатқа деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Осындай қамқор балалар көбейе берсін!

Табиғатты аялау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий