«EKIBASTUZ FEST: Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақтың ортақ жауапкершілігі»

Павлодар облысы, Екібастұз қаласында өткен «EKIBASTUZ FEST: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» фестивалі 5 мыңнан астам оқушыны, студентті, педагогті, еріктіні және жастарды біріктірген ауқымды қоғамдық алаңға айналды. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз орта құру.

Фестиваль қаланың бірнеше нүктесінде қатар ұйымдастырылып, мектептер мен орталық алаңдар ашық диалог алаңына айналды. №26 мектепте «Прокурор сыныбы» ашылып, оқушыларға құқық негіздері, цифрлық қауіпсіздік және медиасауаттылық бағытында жаңа мүмкіндіктер ұсынылды.

Шара барысында «Айқын нәтиже» тұжырымдамасы аясындағы «Қауіпсіз шағынаудан» жобасы таныстырылып, мектеп, отбасы және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының маңызы айтылды. Сондай-ақ, «Есірткіге жол жоқ», «Заң және тәртіп», «Дружим с законом» сияқты профилактикалық жобалар кеңінен насихатталды.

Қаланың орталық алаңында қатысушылар құқық қорғау органдары мен төтенше жағдай қызметінің жұмысымен танысып, интерактивті алаңдарға қатысты. Жастар өз ой-пікірлерін «Әділетті қоғам» арт-баннеріне қалдырды.

Фестивальдің маңызды бөлігі ретінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп, қатысушылар мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама қауіпсіз ғана емес, экологиялық жауапты орта қалыптастыру идеясын да айқындады.

Шара «ҮШ ТАҒДЫР» қысқаметражды фильмінің көрсетілімімен түйінделіп, жасөспірімдерге өмірлік таңдау, жауапкершілік және құқықтық сананың маңызын тереңірек ұғындыруға мүмкіндік берді.

Фестиваль Екібастұзда профилактикалық жұмыстың жаңа моделін қалыптастырып, қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін көрсетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий