Павлодар облысының жас музыканттары — республикалық байқау жеңімпаздары

Павлодар облысының жас музыканттары Астана қаласында өткен республикалық «Юный музыкант» байқауында топ жарып, өңір мерейін үстем етті.

13–15 сәуір күндері ұйымдастырылған өнер додасы 2020 жылдан бері алғаш рет офлайн форматта өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 660 талантты қатысушы жиналып, «Хор» және «Фортепиано» номинациялары бойынша бақ сынады.

Павлодар облысының намысын «Хор» аталымында Екібастұз қаласындағы Естай атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы лайықты қорғады. 20 облыстың арасынан оза шапқан өнерпаздар І орын иеленіп, жоғары кәсіби дайындық пен шығармашылық шеберліктерін дәлелдеді.

Бұл жеңіс — жас таланттардың табанды еңбегі мен ұстаздарының өлшеусіз қолдауының нәтижесі.

Сонымен қатар қатысушылар байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті. Қонақтарды қарсы алу, трансфер жұмысы, ұйымдастырушылардың ілтипаты мен жедел көмегі өнер мерекесінің мазмұнын одан әрі айшықтай түсті.

Республикалық байқау жас музыканттарға үлкен тәжірибе сыйлап, шығармашылық шабыттарын шыңдай түсті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий