«Оқуға құштар мектеп»: кітап – рухани әлемнің кілті

Павлодар облысында 2026 жылғы 15 мамыр күні №47 жалпы орта білім беру мектебінде «Оқуға құштар мектеп» мектепішілік жобасының қорытынды марапаттау рәсімі салтанатты әрі ерекше рухани мазмұнда өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және сөз өнерінің құдіретін дәріптеу болды.

Кеш шымылдығы қоңыр домбыраның күмбірлеген күйімен ашылып, залға жылы да сырлы көңіл күй сыйлады. Кітап пен білімді серік еткен бұл кеш шын мәнінде руханият мерекесіне айналды.

Салтанатты жиында мектеп директоры Ляйля Бажевна Жусупова сөз сөйлеп, оқуға ынталы оқушыларға, қолдау көрсеткен ата-аналар мен ұстаздарға шынайы алғысын білдірді. Ол кітаптың – адамды биіктететін, ойды тереңдететін мәңгілік қазына екенін ерекше атап өтті.

Кеш барысында кітап оқуды отбасылық құндылыққа айналдырған өнегелі әулеттер «Үздік оқырман отбасы» номинациясымен марапатталды. 7 «А» сыныбы шығармашылық белсенділігімен ерекшеленіп, «Үздік видео-тренд» номинациясын иеленді.

«Мектепке кітап сыйла» акциясына белсене қатысқан сыныптар мектеп кітапханасының қорын байытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ Қамқоршылық кеңес мүшелеріне жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру жолындағы қолдауы үшін ризашылық білдірілді.

«Үздік оқырман» номинациясы бойынша үздіктер анықталды:
* ІІІ орын – Ерсаин Аружан (7 «А»)
* ІІ орын – Жанат Алимхан (3 «В»)
* І орын – Мұратбек Мөлдір (10 «А»)

«Оқуға құштар мектеп» жобасы – жас ұрпақты кітап әлеміне жетелеп, ой-өрісін кеңейтіп, рухани бай тұлға қалыптастыруға бағытталған тағылымды бастама екені тағы бір мәрте айқындалды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий