Ғылыми практикалық конференция
Павлодар обылсы , Май ауданында «Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі» V аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы жоғары деңгейде өтті!
Конференция барысында аудан және Ақсу өңірі мектептерінде жүзеге асырылып жатқан Lesson Study тәжірибелері таныстырылып, педагогтердің кәсіби ынтымақтастығы мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәсілдер талқыланды.
Пленарлық бөлімде білім беру саласының тәжірибелі мамандары өз ойларымен бөлісіп, сабақты зерттеу үдерісінің нәтижелері мен болашақтағы даму бағыттарына тоқталды.
Конференцияға Павлодар қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, аға менеджері Айман Рахимжановна Ибраева және Қызылорда қаласы педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Раймкулова Жанат Таңатарқызы қатысты.
Конференция аясында: Lesson Study бойынша үздік тәжірибелер ұсынылды.
24 педагог 3 бағыт бойынша секциялық жұмыстарға, 22 мұғалім постер-сессияға қатысты. Облыс өңірлерінен жиналған педагогтерге Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы тарапынан тәжірибе тарату сертификаттары табысталды.
Lesson Study – мұғалімдердің бірлескен кәсіби дамуына, оқыту сапасын арттыруға және оқушы қажеттілігін терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды педагогикалық үдеріс екені тағы бір мәрте дәлелденді.

