Майқайыңдық оқушылар адам өмірін сақтайтын ақылды каска ойлап тапты

Павлодар облысы, Майқайың кентіндегі №2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Тыныбек Медина мен Қайролла Жания жетекшілері Рахимжанова Кұндыз Ғабдулрашидқызының жетекшілігімен «Smart Helmet» инновациялық жобасын әзірледі. Бұл — экстремалды жағдайда жұмыс істейтін мамандарға арналған жоғары технологиялық ақылды каска.

Жоба шахталарда, құрылыс алаңдарында және өндіріс орындарында жұмысшылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Құрылғы GPS арқылы адамның орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылап, қауіпті газдардың деңгейін, температура мен ылғалдылықты анықтай алады. Осы арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Құрылғы құрамына микроконтроллер, GPS-модуль, түрлі датчиктер жүйесі, LCD-дисплей, қуатты маңдай шамы және автономды қуат көзі енгізілген. Жоба инженерлік ойлау мен заманауи технологияларды ұштастыра отырып, адам қауіпсіздігіне деген нақты қамқорлықты көрсетеді.

Жоба сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, бірнеше беделді байқауларда жүлделі орындарға ие болды:

2 орын — «Зерде – 2026» республикалық байқауы,
1 орын — облыстық «Зерде» байқауы,
I орын — облыстық және 2 орын — республикалық «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» байқауы,
2 орын — Сәтбаев оқулары («Стандарттау, метрология және сертификаттау» секциясы)С.Торайғыров атындағы ПГУ көрмесінде ғылымға қосқан үлесі үшін Алғыс хат,
I орын — облыстық ғылыми жобалар байқауы.

«Smart Helmet» — бұл жай ғана мектеп жобасы емес, болашақтағы өндірістік қауіпсіздік жүйесінің маңызды бөлігіне айнала алатын нақты инженерлік шешім.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий