Екібастұзда балабақша болашақ мамандықтар әлеміне жол ашатын алаңға айналды

Екібастұздағы №6 көптілді дамыту бөбекжай-бақшасында өткен облыстық семинар мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңа бағытын көрсетті: бүгінгі балабақша — тек тәрбие орны емес, болашақ мамандықтар әлеміне бастайтын алғашқы орта.

Павлодар қаласының Инновациялық білім беруді дамыту орталығы мен Екібастұз қаласының №6 көптілді дамыту бөбекжай-бақшасы бірлесіп ұйымдастырған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы ерте кәсіптік бағдар берудің заманауи тәсілдері» атты облыстық семинарда педагогтер ерте кәсіптік бағдар берудің жаңа модельдерін ұсынды.

Семинар аясында қонақтарға жасанды интеллектіні қолдану, STEAM-тәсілдер, виртуалды өндірістік экскурсиялар, ойын технологиялары арқылы балаларды мамандықтар әлемімен таныстыру тәжірибелері көрсетілді. Ерекше назар тәрбиеленушілердің практикалық дағдыларына аударылды: балалар ата-аналарымен бірге тігін тігу, зергерлік бұйым жасау, кілем тоқу, қамшы өру, нан пісіру, тіпті жылқы тағалау мен қой қырқу элементтерін көрсетті.

Квест форматында ұйымдастырылған таныстыру барысында қонақтар «Монтессори бұрыштары», «Тұзды бөлме», интерактивті скалодром және «Речевой Galaxy» жабдықтарының жұмысымен танысты.

Семинар ерте кәсіптік бағдар беру бүгінде мектепке дейінгі білім берудің маңызды бағытына айналып келе жатқанын көрсетті. Заманауи балабақша енді баланың қабілетін ерте ашып, оны еңбекке, қызығушылыққа және болашаққа бейімдейтін даму кеңістігі ретінде қалыптасуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий