Жаз-2026: Ертіс ауданында балалар үшін демалу маусымы басталады
Биыл Павлодар облысы, Ертіс ауданында жазғы демалыс жай ғана каникул емес — әр баланың қабілетін ашатын, арманына жол салатын ерекше кезең болмақ. Аудандағы 1–10 сынып оқушыларының 99,8%-ы түрлі демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту бағдарламаларымен қамтылады.
Жаз бойы мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлер балаларға шығармашылық, спорт, ғылым және жаңа тәжірибе әлемін ұсынады. «ALTYN SQA: Ұлттық драйв», «ADAL NIGHTS», «Изобретариум», «Город профессий» сияқты жобалар оқушыларды ойлануға, зерттеуге және өз болашағын елестетуге жетелейді.
Балаларды табиғат аясындағы ерекше форматтар да күтеді: киіз үй, шатырлы және әскери-патриоттық лагерлер. Бұл — тек демалыс емес, бірлік, тәртіп пен туған жерге сүйіспеншілікті қалыптастыратын орта.
Жасөспірімдер үшін маңызды бағыт — еңбек тәжірибесі. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында оқушылар түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек етіп, алғашқы табыс пен жауапкершілікке қадам жасайды.
Ал кешкі уақыттар да бос емес: «Киновечер», «Библионочь», спорттық жарыстар мен жарқын «Glow-party» — балалардың жазын ерекше әсерге толтырады.
86 бала Баянауыл мен Бурабайдағы сауықтыру орталықтарына жолдама алып, табиғат аясында демалады.
Ертіс ауданындағы 2026 жылғы жаз — бұл балалық шақтың ең жарқын беті: ойын, ізденіс, достық пен үлкен армандардың бастау алатын шағы.
Загрузка...

