Баянауыл баурайы: қызыққа толы балалық шақ

Биыл Павлодар облысы, Баянауыл ауданында жазғы демалыс тек тынығу емес, баланың дамуына, еңбегіне және жаңа әлемді тануына жол ашатын ерекше маусым болмақ.

Мектеп жанындағы сауықтыру алаңдары 2 маусымнан бастап екі ауысымда жұмыс істейді. Ауданның басым бөлігін қамтитын бұл алаңдарда балаларға ыстық тамақ ұйымдастырылып, ойын, спорт және танымдық іс-шаралармен мазмұнды күндер өтеді.

Жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше мектеп оқушылары аудандық «Балдәурен» және облыстық «Жасдәурен» лагерлерінде демалады. Мұнда балаларды табиғат аясындағы тынығу, жаңа достар, қызықты бағдарламалар күтіп тұр.

Жасөспірімдер үшін бұл жаз – еңбек пен жауапкершілікке бастар кезең. 14–18 жастағы оқушылар еңбек жасақтарына тартылып, «Жасыл ел» жобасы аясында көгалдандыру жұмыстарына қатысады.

Сонымен қатар мыңдаған бала үшін Баянауылдың киелі жерлеріне, Жасыбай мен Торайғырға, сондай-ақ еліміздің түрлі қалаларына танымдық саяхаттар ұйымдастырылмақ.

Жазғы демалыс бағдарламасы төрт маңызды бағытқа негізделген:
— «Заң және тәртіп»
— «Таза Қазақстан»
— «Адал азамат – еңбек адамы»
— «Цифрлық серпіліс: жасанды интеллект»

Баянауылдың 2026 жылғы жазы – баланың тек демалысы емес, тұлға болып қалыптасатын, ойы мен арманын кеңейтетін ерекше кезең.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий