Аққулы ауданында оқушылардың жазғы демалысы мен дамуына кең ауқымды бағдарлама жүзеге асырылады

Биыл Павлодар обылсы, Аққулы ауданында 1–10 сынып оқушылары толық қамтылып, жазғы демалыс, сауықтыру және пайдалы уақыт өткізуге арналған кешенді жұмыстар ұйымдастырылады.

Маусым–шілде айларында мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастайды. Балалар үшін бұл — тек демалыс емес, шығармашылық пен дамуға толы кезең: спорттық ойындар, танымдық іс-шаралар, мәдени және тәрбиелік бағыттағы бағдарламалар жүзеге асырылады.

Сонымен қатар мектептерде көптеген жазғы алаңдар мен бейіндік бағыттар жұмыс істейді. Оқушылар түрлі жобаларға қатысып, өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алады.

Жазғы маусымның ерекшелігі — заманауи және креативті жобалар:«Жазғы хакатон: Идеядан – іске», «Travel-лагерь», «Тірі тарих», «Project Bureau: Болашақ агенттігі». Бұл жобалар балалардың шығармашылық ойлауын дамытып, зерттеушілік қабілетін арттырады.

Палаткалы және киіз үй лагерьлері, әскери-патриоттық және профильдік бағыттар балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, бірлік пен жауапкершілікке баулиды.

Сонымен бірге оқушылар үшін танымдық экскурсиялар мен жазғы сапарлар ұйымдастырылып, олардың көкжиегі кеңейе түседі.

Аққулыдағы жаз — бұл баланың тек демалысы емес, оның тұлға ретінде дамитын, жаңа қырын ашатын ерекше кезең.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий