Жарқын жаздың мекені: Ақсуда 9 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады
Биыл Павлодар обылсы, Ақсу өңірінде балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылғы жазғы маусымда 9 317 оқушы түрлі сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамту бағдарламаларымен қамтылып, бұл өңірдегі балалардың 86 пайыздан астамын құрайды.
Жаз бойы қала мен ауыл мектептерінде 25 мектеп жанындағы лагерь, 24 бейіндік лагерь жұмыс істейді. Сонымен қатар киіз үй және шатырлы лагерьлер ұйымдастырылып, балаларға табиғат аясындағы ерекше демалыс сыйланбақ.
920 бала «Мечта» сауықтыру лагерінде тынықса, «ЭкоАлем» экологиялық лагерінде 360 оқушы демалады. «Балдаурен» және «Жас Даурен» республикалық орталықтарында да жүздеген бала сауықтыру шараларымен қамтылады. Баянауылдың киелі жерлеріне танымдық саяхаттар ұйымдастырылып, оған 120 оқушы қатысады.
Жазғы демалыс тек ойын-сауықпен шектелмейді. 14–18 жас аралығындағы 1796 жасөспірім еңбекпен қамтылып, көгалдандыру, ауыл шаруашылығы, мектеп жанындағы учаскелер мен қала кәсіпорындарында еңбек етеді. Бұл — жасөспірімдердің еңбекке баулып, жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалар да назардан тыс қалмайды. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан мыңдаған оқушы жазғы лагерьлермен, сауықтыру және спорттық бағдарламалармен қамтылады.
Биылғы жаз Ақсу балалары үшін қызыққа, жаңа достыққа, жарқын әсерлер мен пайдалы бастамаларға толы болмақ.
Загрузка...

