«Таза Қазақстан» — табиғатқа тағзым
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар облысы, Ақтоғай ауданының Нығманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ерекше мағыналы әрі тағылымы мол көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Бұл күн мектеп ауласын гүлге бөлеген еңбек мерекесіне айналды. Табиғатқа жанашырлық танытқан оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар бірлесе отырып, мектеп аумағына раушан гүлдерінің көшеттерін, түрлі сәндік гүлдер мен жасыл желектер отырғызды. Әр талдың түбіне төгілген мейірім мен әр гүлге сыйланған қамқорлық мектеп ауласына жаңа тыныс сыйлағандай.
Гүлзарларды жаңарту, ауланы абаттандыру жұмыстары — тек тазалық шарасы ғана емес, өскелең ұрпаққа табиғатты аялауды үйрететін үлкен тәрбие мектебі.
Осындай игі бастамалар арқылы балалар еңбекке баулып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілікті жүрекпен сезінеді.
Загрузка...
