Отбасы құндылықтарын ұлықтаған фестиваль

Павлодар облысы, Екібастұздағы «Қайнар» білім беру-бос уақыт кешені алаңында «Бір шаңырақ астында» атты қалалық отбасылық фестивалі өтті. Іс-шара белсенді, шығармашыл әрі ұйымшыл отбасыларды бір алаңға жинады.

Фестиваль аясындағы «Отбасылық Арбат» көрмесі көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар қолдан жасалған бұйымдарын, ұлттық нақыштағы шығармашылық жұмыстарын және үй тағамдарын ұсынып, отбасылық мәдениет пен ұрпақ сабақтастығын насихаттады.

Туристік жарыстар фестивальдің ең тартысты кезеңдерінің біріне айналды. Отбасылық командалар ептілік, ұйымшылдық және өзара қолдау үлгісін көрсетіп, барлық кезеңнен жоғары дайындықпен өтті.

Мұндай бастамалар отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, ата-ана мен бала арасындағы сенім мен өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік береді. Ортақ шығармашылық пен бірлескен демалыс отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызын айқындай түседі.

Фестиваль қорытындысында барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий