Павлодар облысынан республикалық додала жеңімпаз атанды

Маңғыстау облысының білім басқармасы 2026 жылғы 18-20 мамыр күндері жазушы Әбіш Кекілбаевтің шығармашылығына арналған республикалық конкурс өткізді.

Байқау бес бағыт бойынша өтті: Ә. Кекілбаевтің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Елең-алан» роман және «Абылай хан» драмасына иллюстрация салу; жазушының шығармашылығы бойынша зерделеу жоба жазу; бір шығармасына сахналық қойылым көрсету, Ә. Кекілбаевтің шығармалары бойынша ақындар мүшәйрасы.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты.
Республикалық шараның қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Аққулы ауданы Жаңатан негізгі жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Оразова Гүлжайна (жетекшісі – Айтуғанова С.)

«Шығармашылық жұмыс» бағыты бойынша І орын иеленді. Сонымен қатар, Ақсу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Нұрсәт (жетекшісі – Кожанова Н. А.) «Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша ІІІ орынмен марапатталды. Павлодар ауданы Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Каримова Дильнұр (жетекшісі – Төлеу Кәукер) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың грамотасына ие болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий