Екібастұз мектебінде жаңа форматтағы зерттеу кабинеті ашылды

Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы №18 мектепте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ашер Аубакировтың қолдауымен «START» жобалық-зерттеу кабинеті ашылды. Жаңа білім беру кеңістігі авторлық «SENSE-START» әдістемесі негізінде заманауи талапқа сай жабдықталған.

Жоба Екібастұз мектептеріндегі оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыруға бағытталған. Кабинетте жинақталған зертханалық және практикалық жұмыстар оқушыларға ғылыми жобалар әзірлеуге, тәжірибе жүргізуге және зерттеушілік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жаңа форматтағы кабинетте теориялық білім тәжірибемен ұштасады. Оқушылар өз идеяларын тәжірибе арқылы тексеріп, бақылау, талдау және дербес шешім қабылдау дағдыларын меңгереді. Бұл бағыт функционалдық сауаттылықты дамытуға және инженерлік ойлауды қалыптастыруға негіз болады.

Бүгінде Екібастұз мектептерінде осындай заманауи зерттеу алаңдарының ашылуы оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттырып, білім беру үдерісінің жаңа сапасын қалыптастырып келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий