Павлодарда тәжірибе мен тағылым тоғысқан кездесу өтті

Павлодар облысында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің делегациясы кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында 2026 жылғы 21 мамыр күні Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі базасында болды. Кездесу барысында қос тарап білім беру саласындағы заманауи тәжірибелермен бөлісіп, педагогикалық бағыттағы үздік әдістерді талқылады.

Қонақтарға ашық сабақтар, семинарлар мен шеберлік сағаттары екі бағыт бойынша ұсынылды. “Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу” мамандығының педагогтері мультипликациялық студия жұмысын таныстырып, сурет салудың дәстүрлі емес техникалары бойынша тәжірибе көрсетті. Ал “Дене тәрбиесі” мамандығының оқытушылары мен студенттері жеңіл атлетикадан спорттық сайыстар ұйымдастырудың тиімді жолдарын ортаға салды. Сонымен қатар, волейбол, тоғызқұмалақ және үстел теннисі секцияларының жұмысы таныстырылды.

Кездесу аясында “SKILLSBOOST CENTER” құзыреттілік орталығында педагогтердің іс-тәжірибесін тарату, студенттерді WorldSkills чемпионаттарына даярлау және оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, заманауи білім беру талаптарына сай жаңа бастамаларды бірге жүзеге асыруға ниет білдірді.

Дөңгелек үстел барысында жиын қорытындыланып, алдағы бірлескен жұмыстардың жоспары айқындалды. Кездесуге қатысушылар өзара ризашылықтарын білдіріп, ынтымақтастық байланыстардың алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік танытты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий