Тұлғаны қалыптастыратын өнер: Ертіс балалар өнер мектебінің жолы

«Мектеп — тұлғаның негізін қалайды, ал қосымша білім беру сол негізге сүйенген қайталанбас болмысты қалыптастырады» — бұл Павлодар облысы, Ертіс балалар өнер мектебінің миссиясын айқын әрі көркем сипаттайды.

Қарқынды өзгеріп жатқан заманда қосымша білім беру — баланың қабілетін ашып, тұлғалық дамуына жол ашатын маңызды орта.

Бүгінде мектеп — жай ғана оқу орны емес, тұтас шығармашылық кеңістік. Мұнда музыкалық, хореографиялық, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы бағыттармен қатар Жалпы эстетикалық даму студиясы жұмыс істейді. Әрбір бала өз қабілетін танып, шығармашылық әлеуетін дамытады.

Мектеп тұрақты дамып келеді: оқушылар саны артып, материалдық-техникалық база жаңартылуда, заманауи білім беру технологиялары енгізілуде. Білім алушылар түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.

60 жылдан астам тарихында мектептен 1000-нан астам түлек қанат қаққан, олардың ішінде 200-ден астамы өнер және мәдениет саласы бойынша кәсіби білімін жалғастырған.

Соңғы жылдардағы жетістіктер:
2023 жылы — 15-тен астам жеңіс
2024 жылы — 20-дан астам жүлделі орын
2025 жылы — 25-тен астам жоғары нәтиже
Жыл сайын орта есеппен 30–50 оқушы түрлі деңгейдегі байқаулар жеңімпазы атанады

15-тен астам түлек қазіргі таңда өнер және білім саласында қызмет атқаруда, тағы 10-нан астамы музыкалық колледждер мен жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруда.

Мықты педагогикалық ұжым, бай дәстүрлер мен жаңашыл көзқарас мектепті тұлға қалыптастыратын маңызды ортаға айналдырады.

Айта кету керек, 2026 жылы Ертіс балалар өнер мектебі облыс бойынша қосымша білім берудің үздік ұйымы болып танылды.

Отбасының қолдауы — баланың жетістігінің негізгі кепілі, себебі мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы ғана шынайы нәтижеге жеткізеді.

Ертіс балалар өнер мектебі — таланттың бастау алатын, тұлға қалыптасатын және болашақ айқындалатын рухани мекен.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий