Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Конституциялық құндылықтарды ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті мен Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде конституциялық нормаларды іске асыру» тақырыбында республикалық онлайн-вебинар өтті.

Іс-шара мектепке дейінгі білім беру жүйесінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен конституциялық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы маңызды алаңға айналды. Вебинарға еліміздің барлық өңірлерінен мектепке дейінгі білім беру саласына жетекшілік ететін мамандар, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтері қатысты.

Вебинар барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде Конституция қағидаттарын іске асырудың басым бағыттары қарастырылды. Қатысушылар балалардың құқықтық және азаматтық сауаттылығын ерте жастан қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, экологиялық мәдениетті дамыту және құндылыққа негізделген білім беру мазмұнын жетілдіру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Сонымен қатар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, құқықтық тәрбиені күшейту және конституциялық нормаларды білім беру үдерісіне тиімді енгізу бойынша заманауи тәжірибелер мен ғылыми-практикалық тәсілдер ұсынылды.

Республикалық вебинар қорытындысында мектепке дейінгі ұйымдарда құқықтық тәрбие жұмыстарын жүйелі жалғастыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру және Конституциялық құндылықтарды білім беру мазмұнына кеңінен енгізу бағытындағы нақты ұсыныстар қабылданды.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий